Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (видео)
Фото: Видео кадрларынан скрин
Алматыда белгісіз ер адам бойжеткеннің артынан аңдып, кейін оның жыныс мүшесін ұстаған. Қыз жұртшылықтан осы адамды тауып, жазаға тартуға көмектесуін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Түрксіб ауданында күндіз болған.
“8 қыркүйекте маған азғындық жасалды. Ол азғын менің артымнан келе жатып, кейін есікке жақындағанымда итеріп, интимді жерімнен ұстады. Егер сіздер оны танысаңыздар, хабарлауыңызды өтінемін. Осы видеоны өзіңізді ғана емес, туыстарыңызды да қорғау үшін таратуларыңызды сұраймын. Бұл менің артымнан аңдыған есалаң. Мен оны тауып, жазасын беремін”, – деп жазылған хабарламада.
Полиция департаменті бұл факт бойынша тексеру Түрксіб ауданының полиция басқармасы жүргізіп жатқанын хабарлады.
-
Жамбыл облысында өзінің 6 жасар қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
-
"Жамбасын ұстап өткен": Астанада ер адамның көшеде қызға азғындық жасағаны видеоға түсіп қалды
"Фигурант пен объективті мән-жайлар анықталып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", – деп атап өтті ведомство.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
