Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда енді самокатпен жүретін полицейлер пайда болады

Алматы полицейлері самокатпен жүріп, заң бұзатындарды ұстау үшін самокат мінуге көшеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнесюжеттен скриншот

Қалада самокаттардың қатысуымен болатын апаттар саны артып келеді. Патрульдер қазір сынақ режимінде жұмыс істеуде. Қазір олар тек жаяу жүргіншілер аймағына барады. Бірақ жақын арада барлық алаңдар мен саябақтар қамтылуы мүмкін.

Полицейлер тәртіпсіз самокат иелерін қуып жету үшін өздері де сонымен жүруге ниетті. Тест режимінде қазір бір ауданда енгізілген.

Мопедистер арасында да заң бұзушылар аз емес. Рейд кезінде скутер жүргізушісінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Ол бағдаршамның тыйым салу сигналында жүріп, көліктің астына түсті.

Автокөлік жүргізушілері скутерлер мен мопедистердің көпшілігі жол ережелерін сақтамайтынын айтты. Тоқтау сызығынан шығып, белгіленбеген жерде озып өтеді, жолды кеседі, сол жақтан бірден оңға бұрылады немесе керісінше. Жаяу жүргіншілер де самокат пен скутерлердің кесірінен тротуарларда тыныш жүру мүмкін емес екеніне наразы. 

“Кейде скутерлер тротуар арқылы полициядан қашуға тырысады. Әрине, полиция көлігі тротуарға кірмейді. Кейбір жағдайларда, әрине, мүмкіндік болса, полиция жаяу қуып жетеді. Алайда бұл қиын. Саябақ аймақтарында енді патрульдік жаяу жүргіншілерге құқықтық тәртіпті сақтауды жүзеге асыру үшін самокаттар бөлінеді”, – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жыл басынан бері Алматыда жеті мыңға жуық бұзушылық тіркелді. 30 тамыздан бастап 78 самокат иесіне айыппұл салынды.

Сегіз ай ішінде қалада самокаттардың қатысуымен 18 жол апаты тіркелді. Бір жәбірленуші мерт болды, 17 адам жарақат алды. Мопедистермен 223 апат болған, екі адам қаза тауып, 240 адам жарақат алды.

Талқылау