Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда емхана меңгерушісі жалған вакцинация паспортын сатумен айналысқан

Алматыда вакцинация паспортын қолдан жасап сатқан емхана меңгерушісі мен оның қол астындағылар қызметкерлер ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

паспорт

Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті. 

“Пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген карантин режиміне қарамастан, олар Алматы қаласы аумағында ақшалай сыйақы үшін 100-ден аса жалған вакцинация паспортын дайындады және сатты деген күдікке ілінді. Сондай-ақ вакцина алу журналына және ДСМ "Вакцинация" электронды модуліне әдейі жалған ақпарат енгізген. Соның негізінде egov.kz электронды үкімет порталында коронавирус инфекциясына қарсы жалған электронды вакцинация паспорттары толтырылған", – делінген агенттік хабарламасында. 

Ведомство өкілдері қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын алға тартты. Күдіктілерге қатысты шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып сот шығарады. 

Дидар Халық
Жұма, 20 Тамыз, 2021 06:50
Талқылау