Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келтірілген шығын 1,5 миллиард: Алматыда "Елімай-2019" тұрғын үй кооперативін ұйымдастырған ерлі-зайыпты сотталды

Алматыда "Елімай-2019" қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Елімай-2019” ұйымдастырушылары тұғын үй кооперативі ретінде жұмыс істеп, 2019-2021 жылдар аралығында 3 мыңға жуық салымшының 1,5 миллиард теңгеден аса қаржысын алдап алған.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында жүргізілген тергеу барысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 миллиард теңгелік мүлік анықталып, мүлікке және 129 миллион теңгеге шектеу қойылды.

“Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жұбайларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олардың шектеуге қойылған мүлкі жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалады”, – деп мәлімдеді қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері. 

Талқылау