Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда электрсамокат мінген екі қызды автобус қағып кетті

Алматыда электрсамокат мінген екі қызды автобус қағып кетті

Фото: Pixabay.com

Алматыда жаяу жүргіншілер жолағынан электрсамокатпен өтіп бара жатқан екі қызды автобус қағып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық полицияның мәліметінше, жол апаты 12:30-де Алмалы ауданында болған.

“Foton” маркалы автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Уәлиханов көшесімен солтүстікке қарай жаяу жүргіншілер өткелі арқылы электрсамокатпен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кеткен.

“2008 жылы туған қыздар түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы қаласының полициясы.


Қазақстанда Jet, Yandex, Woosh, Bolt және EOM самокат компанияларына ультиматум қойылды


Қазақстанда енді самокатты кез келген жерде тастап кететіндер жаза арқалайды


Бұған дейін Алматыда самокат мінген екі жасөспірім сәби отырған бесік арбаны қағып кеткен еді. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 04 Қыркүйек, 2025 08:49
Талқылау