Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда электр энергиясының тарифтері қымбаттамақ

Фото: pixabay.com

1 маусымнан бастап Алматыда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша 1 киловатт-сағаттың құны қосылған құн салығын (ҚҚС) есептемегенде 38,66 теңге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кейінгі бір жылда Қазақстанда электр энергиясының тарифтері орта есеппен 11,7%-ға өсті. Алайда Алматы тұрғындары үшін баға одан да жоғары болуы мүмкін.

"АлматыЭнергоСбыт" компаниясының мәліметінше, қазіргі таңда мегаполис тұрғындарына электр энергиясын бөлшек саудада сату бойынша шекті бағаларды көтеру жобасы қарастырылып жатыр.

Жобаға сәйкес, шекті баға 1 киловатт-сағат үшін 38,66 теңге көлемінде белгіленуі мүмкін (ҚҚС-сыз). Салыстырар болсақ, қазіргі тариф 27,59 теңгені құрайды (ҚҚС-пен 30,9 теңге). Аталған шекті тариф жобасы әлі де бекітілген жоқ.

Көпшілікке арналған (яғни, тұрмыстық тұтынушылар үшін) тариф 1 киловатт-сағатқа 29,52 теңге көлемінде болады деген болжам бар. Ал тұрмыстық емес мақсатта пайдаланатын тұтынушылар үшін 38,66 теңге, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар үшін 111,72 теңге болады.

Сонымен қатар тұтыну көлеміне байланысты дифференциалды тарифтердің де өзгермек (ҚҚС-сыз):

  • 1-деңгей – электр энергиясының 1 киловатт-сағатына төленетін тариф 26,80 теңге (қазір – 25,6 теңге);
  • 2-деңгей – 35,42 теңге (қазір – 33,11 теңге);
  • 3-деңгей – 44,28 теңге (қазір – 41,39 теңге).

Бұл өзгерістер 2025 жылғы 1 маусымда күшіне енуі мүмкін. Алайда жоба алдымен Табиғи монополияларды реттеу департаментінің сараптамасынан өтуге тиіс.


Қазақстанда енді үй жайларды күтіп-баптау мен коммуналдық қызметтер құны АЕК-ке байланысты өседі


Энергетиктер депутаттардың кесірінен Қазақстанда электр энергиясының тарифі негізсіз өсетінін айтып дабыл қақты


Еске салайық, бұған дейін Алматыда 2025 жылғы 12 мамырдан бастап электр энергиясы үшін төлемді кешіктірген тұрғындарға жарық беру кезең-кезеңімен шектеледі. Бұл шаралар күн сайын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін тек қарызы бар тұтынушыларға қолданылады және толық төлем жасалғанша жалғасады. Қазір қаладағы жалпы қарыз көлемі 1,2 миллиард теңгеге жеткен. Тұтынушыларға қарыздарын тексеріп, “Тұрғын үй қатынасына” немесе 356-99-99 нөміріне хабарласу ұсынылады.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 21 Мамыр, 2025 18:11
Талқылау