Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екінші рет өрт шықты: Бір адамның мәйіті табылды (видео)

Көк-Төбенің төмен бөлігінді аумағы мың шаршы метр болатын жер өртенді. Жалынды ауыздықтау кезінде бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

өрт

«Бірінші өрттің төмен жағындағы Диваев көшесіндегі 21-үйге қарама-қарсы алаң өртенді. Алаңның аумағы мың шаршы метрді құрайды. Өртті сөндіру барысында бір адамның мәйіті табылды, оның жынысы мен кім екені анықталып жатыр. Өрттердің өзара байланысы жоқ. Соны сөндіруге кірістік», - деп жазды Әубәкіров Facebook парақшасында. 

Авиация түнгі уақытта жұмыс істей алмайтындықтан, өртті жерде жүріп сөндіруге тура келді. 

Естеріңізге сала кетсек, сағат екі шамасында Алматыдағы Көк-Төбе телемұнарасынан бір километр жерде өрт шықты. Өртті сөндіру үшін 30 адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылды. 

Талқылау