Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екінші пилоттың жерлеу рәсімі кезінде Bek Air басшысы журналистерден қашып кетті

Алматыға жақын маңда құлаған ұшақ тиесілі Bek Air әуе компаниясының директоры қайтыс болған екінші пилоттың жерлеу рәсімінде журналистерге сұқбат беруден бас тартып, рәсім біте салысымен қаша жөнелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

БекЭир директоры

30 қаңтарда Алматыда қаза болған ұшқыш Мейіржан Молдақұловтың денесі жер қойнына тапсырылды. 54 жастағы пилотпен қоштасуға марқұмның туыстары мен алыс-жақын ағайындары түгел жиналған. Жұрт арасында ұшқыштың 15 жыл бойы тер төккен Bek Air әуе компаниясының басшысы да болды. Бірақ мекеме өкілі журналистерге сұхбат беруден бас тартқан көрінеді.

Осылайша, әуе компания басшысы марқұмның жақындарына өтемақы төлеуден бас тартқан кейіп танытқандай. Айта кетейік, 54 жастағы Мейіржан Молдағұлов жантүршігерлік апаттан аман қалған екінші ұшқыш болатын. Бірнеше отадан соң беті бері қараған азаматты дәрігерлер өткен аптада үйіне шығарды. Ауруханадан сап-сау шыққан марқұмның хәлі өз үйінде күрт нашарлап жүрегі тоқтаған. Ішкі Істер Министрлігі аяқасты өлімның себебін сот-медициналық сараптамасынан соң анықтамақ. Ал қаза болған пилоттың артында екі баласы мен жұбайы қалды. 

"Мейіржанмен 25 жыл бұрын танысқан едік. Мықты азамат еді. Өз ісінің маманы болды. Мақтан тұтатынмын. Өте қайғылы жағдай. Жас кетті", - бұрынғы әріптесі Станислав Праслов

 

STAN.KZ
Жұма, 31 Қаңтар, 2020 10:29
Талқылау