Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі жыл бұрын әйелдің өліміне себепкер болған пластикалық хирург сотталды

Алматыда пластикалық хирург Роман Алферовтың ісіне қатысты сот отырысы мәресіне жетті. Науқастың  өліміне себепкер болған маман  2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.  

Алферов

Алферовпен бірге әйелдің өлімі үшін реаниматолог пен кезекші дәрігер де сотқа тартылыпты. Десек те қылмыстың мерзімі өтіп кеткеніне байланысты олар жазадан құтылған. Ал пластикалық хирургтың ісінде негізгі айыптау бабы алынып, ол тек «кәсіби міндетін өз деңгейінде орындамағаны үшін» деген бап бойынша жазаға кесілді. Марқұмның туыстары бұған да ризашылық білдіріпті. Себебі олар кінәлілер мүлдем жазасыз қалады деп ойлапты. 

Айта кетейік, қайғылы жайт 2017-жылдың желтоқсанын айында орын алған. Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны Жанна Рахманованың өліміне дәрігер себепші болған. Әйел ішіндегі және жамбасының майын алғызу үшін Роман Алферовтің емханасына жүгінген. Бірақ сол клиникада көз жұмыпты. Сот материалдарына сәйкес, әйел отадан 19 сағат өткен соң қайтыс болған.

Ал Алферовқа қатысты сот тек екі жыл өткеннен кейін, яғни 2019 жылдың қарашасында басталған. Судья жазаны 10 айдан кейін бірақ шығарған.

"Осыған орай, сот тергеу органдарына қатысты бұл істі созбалаңға салғаны үшін созбалаңға салу фактісі бойынша жеке ұйғарым шығарды. Қазіргі таңда аталмыш үкім заңды күшіне енбеді", - деп мәлімдеді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Талқылау