Алматыда екі жасөспірім самокатпен сәби отырған бесікарбаны қағып кетті (видео)
Фото: Видеодан скрин
Алматыда екі жасөспірім самокатпен сәби мінген бесікарбаны қағып кетті. Абырой болғанда бала зардап шеккен жоқ, ал кінәлілер табылып, жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 31 тамызда Алматының Орбита ауданында болған. Екі жасөспірім жол ережесін сақтамай, тротуармен қатты жылдамдықпен келе жатқан.
"Jet" самокатына мінген екі кәмелетке толмаған бала қатты жылдамдықпен келіп, жаңа туған сәби отырған бесікарбаны соққан. Бала дін аман. Ата-анасы қаңқасы күшейтілген арба сатып алған екен. Сәбиді дәрігерлер тексеріп шықты", – деп жазды журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында.
Астанада жол бойында самокатпен жүрген бала көрсетілген видео жұрттың ашуын тудырды
Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез тарап, көптеген ата-ананың ашу-ызасын туғызды. Қазақстандықтар тротуарда жаяу жүргіншілерге қауіп төндіретін электрсамокаттарды мүлдем алып тастауды сұрады.
Жағдайға Алматы қалалық полиция департаменті де пікір білдірді. Олардың мәліметінше, жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімнің ата-анасы да жазаланды. Алайда полиция нақты қай бап бойынша жазарланғанын хабарлаған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Jet, Yandex, Woosh, Bolt және EOM самокат компанияларына ультиматум қойылғаны туралы жазған едік.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
