Алматыда екі жасар сәбиді өгей әкесі ұрып тастады: Бала комада жатыр
Алматыда екі жасар баланы ұрды деген күдікті ұсталды. Ол баланың өгей әкесі болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам тұтқындалып, кінәсін мойындаған. 23 қыркүйекте полицияға 2017 жылы туған ұл баланың ес-түссіз күйде қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілгені туралы хабарлама келді. Дәрігерлер оған мидың гематомасы, көптеген жарақаттар, сондай-ақ іштің, кеуденің, жоғарғы және төменгі жақтың көгеруі диагнозын қойды. Бала комада жатыр.
«Алғашқылардың бірі ретінде баланың өгей әкесі 1985 ж.т. азаматтан жауап алды. Ол Баланың құлап кеткеніне сендіре бастады. Оның куәлігі күмәнді болды. Бастапқы тергеу барысында өгей әкесінің баланы ұрғаны анықталды», - дейді жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.
Кейіннен ер адам баланың анасы жұмыста болғанда баланы ұрғанын айтты. Оның айтуынша, өгей бала жылай бастаған. Ер адам оны тыныштандыра алмапты. Сол себепті ұрған.
Полиция күдіктінің баланың анасымен бірге азаматтық некеде тұрғанын анықтады, осыдан бір ай бұрын олар Алматы облысынан қалаға көшіп келген. Олар Көк-Қайнар ықшамауданынан пәтер жалдап тұрды.
«Қазіргі уақытта бұл қорлайтын қылмысты Алатау аудандық тергеу бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша тергеуде. Күдікті қамауға алынды. Ол бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны және тонау үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған», - деді Әліпбаева.