Алматыда екі самокатшы жолды бөлісе алмай, төбелесіп қалды (видео)

Алматыда екі самокатшы жолды бөлісе алмай, төбелес шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға қаладағы Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиысылында болған. Желіде тараған видеодан самокат мінген екі ер адамның соқтығысып қалғанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, ер адамдар әуелі сөзге келіп, даудың арты төбелеске ұласқан.
Депутат Алматыда электрсамокаттарды жалға беруді тоқтатуды талап етті
Қазақстанда электрсамокат ережелерін бұзған жағдайда қанша айыппұл салынады
Жағдайға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеме жасады.
“Жаяу жүргіншілер жолында туындаған жанжалға қатысушылар ұсталып, заң бойынша жауапқа тартылады. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық тұрғыдан баға беріледі”, – деді полиция.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда самокатшы тротуарда жүргені үшін ескерту жасаған ер адамның көзінен ұрғаны туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді