Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі ер адам түнде 15 бутик мен сән салондарын тонап кеткен

Алматыда ұрылар карантинге жабылған дүкендер мен сұлулық салондарды тонаған. Олар төтенше жағдай режимін қолданып, түнгі уақытта дүкендерге кіріп құнды заттарын алып кетіп отырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп. 

Ұрланған тауарлардың нақты қайда сатылғаны жөнінде полиция мәлімет бермеген. Екі күннің ішінде ұрылар 15 бутикті тонап кеткені белгілі болды. Бұл ерлер мен әйелдерге арналған киім және аяқ киім дүкендері, сонымен қатар шаштараздар болған. 

Күдіктілердің екеуі де 30-ға келмеген ер адамдар. Мұндай қылмыс үшін олар бұрын жауапкершілікке тартылған болып шықты. Енді олар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

 "Карантин кезеңінде көптеген нысандардың жабық болғандығын пайдаланып, ұрлық жасалған. Көбінесе бутиктерде, сұлулық салондарында және әйелдер керек-жарақтары сатылатын жерлерді тонаған. Қазір екеуі де қамауға алынды", - дейді Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр