Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі ер адам тал түсте қызды ұрлап кетпек болған (видео)

Фото: Видеодан скрин

Алматыда белгісіз біреулер дүкен маңында қызды ұрлап әкетпек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға Төле би көшесі мен Әуезов даңғылының қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адамдар қызды көлікке күштеп отырғызуға әрекеттенген. Қыздың айғайлап көмек сұрағанын естіген тұрғын, жағдайға аралсып, полиция хабарласқан. Сосын ер адамдар оқиға орнынан қашып кеткен.

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Олардың мәліметінше, қазір Алмалы аудандық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. 


"Дәстүр емес, қылмыс": Бас прокуратура қыз алып қашу жөнінде мәлімдеме жасады


Құрбысы қызды алып қашуды ұйымдастырған: Қазақстандық ару өзін көлікке малша күштеп тиеген сәтті ұмыта алмай жүр


"Қазақы салт деп істі жаба салды": Маңғыстауда алып қашудың құрбаны болған қыз кінәлілердің жазаланбай жатқанына шағымданды


Видеодағы және оқиғаға қатысы бар адамдар анықталады. Дегенмен, қазір полицияға ешқандай шағымдар, қоңыраулар немесе мәлімдемелер түскен жоқ.

“Шағымдарға қарамастан, оқиғаның барлық объективті мән-жайын анықтап, заңнамаға сәйкес шаралар қабылдаймыз. Тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы мен басқалардың қауіпсіздігіне алаңдағаны үшін алғыс айтамыз”, – делінген хабарламада.

Айат кетейік, бұған дейін Сталкинг пен қыз алып қашу қылмыстық жауапкершілікке жататынын айтқан едік. Тоқаев “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды. Оған сәйкес, қызды тұрмысқа шығуға мәжбүрлегендер (алып қашу) — 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 15:41