Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі алаяқ тұрғынның шотындағы 5 мың долларды шешіп алған

Алматыда екі ер азамат тұрғынды алдап, оның шотындағы 5 мың доллардан астам ақшасын қолды еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, олар Алматы қаласының тұрғынын алдап, ақшасын иемденіп алған.

“Әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалған ер адам өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, одан депозиттік шотынан жеке шотына ақша аударуға өтініш білдірдіңіз бе деп сұрай бастады. Сонымен қатар, қаскөй әйел адамды егер кодты айтатын болса, кибершабуылдардан қорғайтын арнайы қорғанысты қоятынына сендірді. Өзін алдап тұрғанынан күдіктенбеген әйел күдіктілердің талаптарын орындаған, ал бірнеше күннен кейін алаяқтардың құрбаны болғанын түсінді”, – дейді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов. 

Кейіннен әйел банктегі шотынан 5 мың доллардан астам қаражаттың шешілгенін білген. 

Алаяқтық жасаған ек ер адам ақша шешіп жатқанда банкоматтың бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазіргі таңда оларды полиция қызметкерлері іздестіруде. Суреттегі адамдарды таныған жағдайда мына телефондарға хабарласуыңызға болады: 272-32-76; 254-48-02; 254-48-76; 8-702-976-7099.

Талқылау