AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда діни бірлестіктер өкілі Қазақстан халқының бірлігі күніне орай кездесу өткізді

2022 жылдың 5 мамырында сағат 15:00-де Абай даңғылы, 90 мекенжайы бойынша орналасқан ғимараттың "Q-Lab" мәжіліс залында қаладағы барлық діни конфессиялар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқының бірлік күніне арналған жиын өтті.

Діни көшбасшылар конфессияаралық келісім, диалогты дамыту, толеранттылық пен өзара сыйластық қағидаттары, қоғамдық келісімді нығайту саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, қазіргі қоғамның бірқатар өзекті мәселелерін, соның ішінде азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа "мүлдем төзбеушілік" қағидатына тәрбиелеу насихатталды.

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов: "Қала әкімдігі қоғамдағы конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мақсатында ауқымды және жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатта түрлі діни конфессиялар өкілдері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы диалогты жандандыру және нығайту бойынша нақты шаралар қабылдануда. Бұл бағыттағы жетістіктің жарқын мысалын өз алаңында қаладағы діни бірлестіктердің көпшілігін дерлік біріктірген Алматы қаласы діни бірлестіктер жетекшілері клубының қызметін атауға болады", – деп атап өтті.

Аталған іс-шараға қала аумағындағы барлық діни конфессиялардың, мемлекеттік органдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

"Тәжірибе көрсетіп отырғандай, дәл осындай диалог алаңдары әртүрлі конфессия өкілдері арасында сенімді серіктестік орнатуға, соның нәтижесінде қоғамдағы конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға қажетті жағдай жасайды", - деп, "Social Development Center" қоғамдық қорының атқарушы директоры Біржан Қазтұрғанов өз пікірін қосты.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: "Social Development Center" қоғамдық қоры мен Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің қолдауымен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр