AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті

Алматы қаласында "Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің дінаралық диалогтағы рөлі" тақырыбында діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі қарсаңында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы Н.Назарбаев конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығымен бірлесіп "Дінаралық диалогтағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің рөлі" атты діни бірлестіктер басшылары клубының отырысын өткізді.

Отырыс жұмысына Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Н.Қиқымов, Н.Назарбаев орталығы төрағасының орынбасары Н.Есімов, "Али Мұхамед" мешітінің бас имамы К.Такиров, Рим-Католик шіркеуінің Пресвятой Троица епархиясының канцлері Карлос Лаоза Замарро, Орыс Православ шіркеуінің Вознесенск кафедралды соборының диаконы В.Быструшкин, "Евангелиялық христиандар баптисттер "Голгофа" шіркеуінің жетекшісі А.Лубошников және өзге де діни бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар бейбітшілікті тұрақты дамыту және діндер мен конфессиялар арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша дінаралық және мәдениетаралық диалог мәселелерін талқылады.

Іс-шарада Н.Есімов Съездің тарихы мен миссиясы туралы айтып, қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлердің ушығуы аясында өзінің өзектілігі мен қажеттілігі туралы сөз сөйледі, сондай-ақ алдағы VII Съезд Қазақстанның әлемге толеранттылық, ашықтық, өзара құрмет пен сенім идеяларына деген адалдығын көрсететін жылдың басты халықаралық іс-шараларының бірі болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Н.Есімов саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу құрметіне орай клуб мүшелерімен бірге "Қарағайлы" скверінде орнатылған монументке гүл қою рәсіміне қатысты.

Сондай-ақ, Қазақстанның киелі жерлерінің саналуандығын насихаттау мақсатында Діни бірлестіктердің өкілдері Вознесенск кафедралды соборына және Раввин Л.-И.Шнеерсонның кесенесіне барып, собордың өкілі Александр Суворовпен және "Қазақстанның орталық синагогасында" Еврей қауымының өкілдерімен кездесулер өткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша клуб мүшелері бұл іс-шара жаһандық деңгейде конфессияаралық және дінаралық диалогты тұрақты дамытуды ілгерілетудегі тағы бір маңызды қадам болды деп үміт білдірді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр