Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда дәрігерлер мен мұғалімдер коронавирусқа қарсы вакцинаны қалай салдырады?

№4 қалалық емхананың дәрігерлері Алматыдағы коронавирусқа қарсы вакцинацияның алғашқы кезеңдері қалай жүргізілетінін айтты. Дәрігерлер мен мұғалімдерге ресейлік "Спутник V" вакцинасын салу үш кезең бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазір клиникада 460 қызметкер жұмыс істейді. Оның 270-іне ресейлік "Спутник V" препараты егіледі деп күтілуде. Бұл туралы бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова айтты.

"Бірінші кезеңде, 1 ақпаннан бастап инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық ұйымдардың қызметтерлері, реанимация бөлімшелерінің, жедел жәрдем бөліміндегілер, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер вакцина салдыра алады. 

1 наурызда басталатын екінші кезеңде орта мектептердің, жоғары оқу орындарының, колледждердің мұғалімдері, медицина қызметкерлері вакцинациядан өтеді.

1 сәуірде басталатын үшінші кезеңде мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің мұғалімдері, оқушылар мен созылмалы аурулары бар адамдар вакцинация жасай алады", - деді Алтынбекова.

Талқылау