Алматыда "Chia Tai Tianqing" қаржы пирамидасының 2 белсенді басшысы ұсталды
Алматыда "Chia Tai Tianqing" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 2 адам ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ұйым тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерін өндіруге инвесторлардан қаражат тартқан. Өзінен кейін адамдарды алып келген салымшыларға бонус төлеу уәде етіліпті.
"Chia Tai Tianqing" Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген. Қазіргі уақытта ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аталған серіктестіктің екі белсенді басшысын ұстап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа ұйымдастырушыларды анықтап табу бойынша іс-шаралар жалғасуда”, – делінген агенттік ақпаратында.
Сонымен қатар, агенттік дәл осы "Chia Tai Tianqing" әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, саll-орталыққа хабарласуға болатынын түсіндірген.
Талқылау