Алматыда бұрыш баллонынан зардап шеккен оқушылардың жағдайы белгілі болды
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баллонды бұрыш спрейінен зардап шеккен оқушылардың жағдайын айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметіне сүйенсек, 3 бала шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жатқызылған.
Сондай-ақ, үшеуінің де жағдайы орташа қалыпты. Оларға дәрігерлер тарапынан барлық медициналық көмек көрсетіліп жатқаны да айтылған ақпаратта.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 9-сынып оқушысы мектепте баллонды бұрыш спрейін шашып, 7 бала зардап шеккен еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"