Алматыда бүлікшілер Анджелина Джолиге ұқсайтын суретшінің шеберханасын өртеп жіберген
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде бүлікшілер танымал суретші Мария Ильницкаяның шеберханасын өртеп жіберген. Ол тек 11 қаңтар күні оқиға орнын көруге рұқсат алған. Өнер ордасынан түк қалмаған. Суретші жұмыс орнын көргенде көз жасын тыя алмағанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Instagram/mimi.ilnitskaya
"Келген кезде сынған, оқ тиген терезелерді көрдік. Ойдан өткізіп, өзімді ұстадым. Мұны БАҚ құралдарынан көрдік, өкінішке қарай, миым мұны көруге дайын болды. 2-қабатта басқалармен бірге салқынқандылықпен барлығын қарап, алғашқы шеберханамды камераға түсіре бастадым. Көргеніме пікір білдірейін деген сәтте өкіріп жылап жібердім", - дейді суретші.
Ильницкая тым болмағанда екінші шеберханам орнында шығар деген үмітпен жоғарғы қабатқа көтерілгенін айтады. Алайда бұл үміті ақталмады.
"Дәлізді көргенде, менің кеңсеме апаратын жолдың орнында қара дақ тұрғанын түсіндім. Мен бірінші болып бара жаттым. Тезірек есігімді ашып, осы 7 күнде маған не болғанын білгім келеді. Сіздер білесіздер, бұл жұмыс - менің ісім, мен үшін өте маңызды еді.
Қара дәліз дегенім - қабырғаларда көмір болған, ал төбе менің иығыма дейін салбырап тұрды", - дейді суретші.
Кеңсеге кілтсіз келе жатырмын деп уайымдаған Мария есіктен түк қалмағанын көрген.
"Маған қандай кілт керек болды дерсіз? Менің шеберханамда не қабырға, не терезе, не есік болған жоқ", - дейді суретші.
"Үнсіз жануар сияқты жылап, не жоғалтқанымды есіме алып, ақтара бастадым. Кітаптар? Бояулар? Картиналар... Картиналарым еске түскенде өкіріп жыладым, көңілім жабырқап қалды. Сол жердегілер мені уайымдап, үйге қайтуымды сұрады", - дейді Мария.
Суретші қарапайым отбасыдан шыққанын, аяққа өз күшімен тұрғанын айтады. Ол күн сайын таң сәріден тұрып, балаларының болашағы үшін еңбектенгенін атап өтті.
"Мен саяси белсенді отбасыдан емеспін. Әкем депутат емес, вокзал мен мешіт соққан құрылысшы. Өзім Алматыда тудым, кейін Ұзынағашта, Ақжарда, Каменкада, кейін Астанада, Қарағандыда, Ақтауда тұрдым. Адал түрде салық төлеп, балаларым Астанада жатақханада тұрмасын, бір бөлке нан қымбат деп оның жартысын алуға мәжбүр болмасын деп таң сәріден тұрып еңбектендім. Ешкімді кінәламаймын. Бұл біреудің жолы еді, ал менің суретші ретіндегі жолым осы күндері шайқалды", - дейді Мария.
Айта кетейік, көпшілік Мими деп атап кеткен Мария Ильницкая ерекше туындыларымен танымал. Оның картиналары Шығыс пен Батысты, кешегі мен бүгінді, дәстүр мен заманды біріктіреді. Көпшілік оны америкалық танымал актриса Анджелина Джолиге ұқсатып жатады.