Алматыда BRT-ның жаңа желісінде жол қозғалысының сақталуын бақылау күшейтілді

Алматыда BRT-ның жаңа желісі іске қосылуына байланысты көше-жол желісінің осы учаскесінде полиция нарядтарының патрульдеуі күшейтілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіні іске қосудың бастапқы кезеңінде негізгі назар профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына аударылды. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістер туралы ақпарат беріп, жаңа жол таңбалары мен белгілерді түсіндірді, сондай-ақ қозғалыстың жаңа жағдайларына қатысушыларды алдын ала дайындады.
"Қазір бейімделу кезеңі аяқталғаннан кейін полиция BRT учаскелерінде Жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауға көшіп жатыр. Ерекше назар қоғамдық көлікке арналған бөлінген жолақтарда көлік құралдарын қою және тоқтату фактілеріне, сондай-ақ жеке автокөліктердің БРТ жолақтарына шығуына аударылады. Бұзушылықтар полиция нарядтары арқылы да, фото және бейнефиксация құралдарының көмегімен де тіркелетін болады", – деді Алматы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Серік Шумаев.
Полиция жүргізушілерді тәртіп сақтауға және жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрметпен қарауға, Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтірмеуге және қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруге шақырады.
Алматыда Желтоқсан көшесінде BRT желісі іске қосылады: Қандай маршруттар болады
Астанада іске қосылған LRT пойыздарының жол желісі адам өміріне қауіпті екені ескертілді
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Төле би көшесіне эстакада салу жобасы таныстырылған соң қала тұрғындары наразылық білдірді. Көпшілігі бұл құрылыс кептелісті көбейтеді, қаланың көрікті жерлерін бүлдіреді деп есептейді және эстакада орнына басқа көлік шешімдерін қарастыру керек деп санайды. Тұрғындар жолдарды кеңейту мен эстакада салудың нақты проблемаларды шешпейтінін айтып, халықаралық тәжірибеден үлгі алуды ұсынады. Әкімдік тарапынан жауап ретінде жобаның ЖРК (жеңіл рельсті көлік) желісін дамытуға арналған техникалық-экономикалық негіздемеден бөлек екенін және эстакада қазіргі жобаларда қарастырылмағанын атап өтті. Жобаны қытайлық China State Construction компаниясы қолға алғаны көрінеді.
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды