Алматыда бос тұрған төрт қабатты ғимарат өртеніп жатыр (видео)
Фото: Видеодан скрин
Алматыда төрт қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртеніп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілері қазір жалынды сөндіріп жатыр.
Алматыда күн суытып, қар жауады: Әкімдік тұрғындарға ескерту жасады
Алматылықтардың жағымсыз түтін иісіне жаппай шағымынан кейін экологтар ауа сапасын тексерді
”Қазір Алматы өрт сөндірушілері Медеу ауданы, Самал шағын ауданындағы төрт қабатты әкімшілік ғимараттың шатырындағы өртті сөндіріп жатыр. Өрт сөндірушілер келген кезде бос тұрған ғимараттың шатырынан түтін шыққаны анықталды”, – делінген хабарламада.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды.
“Өртті сөндіру үшін су үздіксіз жеткізіліп жатыр. Өртті сөндіру үшін бірнеше су беру желісі тартылды. Өртті оқшаулау шаралары қабылданып жатыр”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Бүгін Алматыға алғашқы қар жауып, шаһардағы кептелістен мезі болған алматылықтар наразылығын 2GIS қосымшасында жеткізгені туралы жазған едік.
"Ауруханалар толып қалған": Қазақстандықтар "белгісіз" вирустың таралуына жаппай шағымданып жатыр