Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Wall Street Invest Partners компаниясының басшысы алаяқтық ісі бойынша ұсталды

3 маусымда ІІМ тергеу департаменті Алматы қаласы прокуратурасының қадағалауын жүзеге асыру мақсатында алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында Wall Street Invest Partners ЖШС бас директоры Нүсіпбековті ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кісен

TeleTrade Central Asia ЖШС мен Wall Street Invest Partners ЖШС басшылары аймақтарда филиалдарды ашып, менеджерлерді жалдай отырып, клиенттерге электронды биржада үлкен кіріс алуға уәде беріп, содан кейін оларды оффшорлық бақыланатын шоттарға аудару арқылы ақшаларын жымқырған.

Аталған компаниялар өз қызметін Қазақстан мен Ресей азаматтарының атына ұйымдастырушылардың өздері тіркеген Tele Trade D.J. LTD шетелдік компаниясымен жасалған келісім-шартты бүркеніп, шетелдік банктерде шоттар ашумен жүзеге асырды.

Бұған дейін қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы және TeleTrade Central Asia ЖШС басшысы Б. Есполов қолға түсті.

TeleTrade қылмыстық схемасының ресейлік қатысушыларына қатысты осы елдің құқық қорғау органдары да тергеу жүргізіп жатыр.

TeleTrade Central Asia басшысы ұсталған күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды және Маңғыстау облыстарындағы филиалдардың кеңселерінде тергеушілер тінту жүргізіп, қылмыстық әрекетке байланысты құжаттарды алып қойды.

Қазіргі уақытта күн сайын зардап шеккендерден аталған компаниялардың басшыларын жауапкершілікке тарту туралы өтініштер келіп түсіп жатыр. ІІМ TeleTrade Central Asia ЖШС, Wall Street Invest Partners ЖШС және TeleTrade D.J. LTD қылмыстық қызметінің нәтижесінде басқа зардап шеккендерді ІІМ тергеу департаментіне хабарласуды сұрайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр