Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір топ адам полиция қызметкерінің мопед жүргізушісін ұстауына кедергі жасады

Алматыда бір топ адам полиция қызметкерінің мопед жүргізушісін ұстауына кедергі жасап, оған оқиға орнынан кетіп қалуына көмектесті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейнежазба Instagram желісінде пайда болды. Мұнда "Магнум" автотұрағында мопед жүргізушілері мен көлік жүргізушілері жиналған. Кейін ол жерге жеткен полицейлер тәртіп орнатуға кіріскен. Осылайша қолға түскен мопед жүргізушісін қолын қайырып әкетуге тырысады. Алайда сол жақта жүрген бір топ адам жігітке көмектесіп, полицейге қарсы шығады. Тіпті жігітке оқиға орнынан кетіп қалуына көмектесті.

Желідегі видеоға пікір білдірушілер екіге бөлінді. Біреулер көпшілік мопедистті полициядан қорғап, бәрін дұрыс жасады десе, енді бірі оның тәртіп бұзғанына сенімді.

Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

"Бірқатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін 15 мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы ретте Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларға тағы да үндеу тастап, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол берілмейтінін ескертеді", - деді Алматы полициясының баспасөз қызметі. 

Талқылау