Алматыда бір тәулік ішінде жүздеген бала инфекциялық ауруханаға жатқызылған: Билік жағдайдың тұрақты екені айтады
Фото: depositphotos.com
Алматыда бір тәуліктің ішінде жүздеген бала инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BES.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, Алматыдағы балаларға арналған қалалық клиникалық инфекциялық ауруханаға тек бір тәуліктің ішінде жоғары дене қызуымен шамамен 500 бала түскен. Басылымға сұхбат берген ата-аналардың бірі ауруханалар толып кеткенін, орын жоқ болғандықтан балалардың дәліздерде жатқанын айтады. Ауруханада орын күте алмайтындар ақылы клиникаларға жүгінуге мәжбүр болып жатқан көрінеді.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов балалардың саны туралы ақпаратты жоққа шығармаған және жағдайдың “жыл сайынғы және тұрақты” екенін айтады. Оның айтуынша, барлық балалар “уақтылы және сапалы көмек алып жатыр”.
“Білетіндеріңіздей, қазір ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымы – күзгі кезең. Негізінен, бұл жыл сайынғы, стандартты жағдай. Балалар ауырады. Бұл ауа райымен, ғимараттардағы жылумен, мектептер мен балабақшалардағы тығыздықпен байланысты. Медицина, дәрі-дәрмектер және төсек орындары бойынша ешқандай мәселе жоқ”, – деді Марат Пашимов Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда шешек ауруымен ауырғандар саны күрт көбейіп, 14 бала жансақтау бөліміне түскені туралы жазған еді.
"Баланың тірі не өлі екені белгісіз": АҚШ азаматы бұрынғы қазақстандық әйелін баласын "ұрлады" деп айыптап, сотқа берді