Алматыда бір аптада екі рет жер сілкінді
28 қараша түнгі 01:30-да Алматыда тағы жер сілкінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Istock.com
Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 28 қарашада 1 сағат 31 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 318 км жерде орналасқан.
Жер дүмпуі Алматы қаласында 2 балл ғана. Тұрғындар дүмпуді бұл жолы сезген жоқ.
“Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", – деп қосты департаменттің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін еліміздің бірнеше қаласында жер сілкінген еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"