Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір адам өлтіріп, тағы екеуін жаралаған: 7 жыл іздеуде болған күдікті Семейден табылды

Алматы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Семейде осыдан жеті жыл бұрын адамдарды пышақтаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

кісен

Полицияның мәліметінше, қылмыс 2013 жылдың қаңтарында Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Құлагер ықшамауданындағы кафелердің бірінің алдында жасалған.

"Мас күйінде болған күдікті бұзақылық ниетпен үш ер адамға пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан зардап шеккендердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі ер адам бірнеше дене жарақаттарымен қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Қылмыс жасалғаннан кейін ер адам қашып кетіп, Алматыдан елдің басқа аймағына кетіп үлгерді. Бұл ретте полиция оның Қазақстаннан мүлдем кетіп қалуы мүмкін екенін жоққа шығармады, сондықтан оған халықаралық іздеу жариялады.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Белгілі болғандай, ол осы жылдар ішінде Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында жасырынған.

Полицияның хабарлауынша, ер адам жақын арада мұқият тергеу үшін Алматыға жеткізіледі.

STAN.KZ
Бейсенбі, 10 Қыркүйек, 2020 09:28
Талқылау