Алматыда BI Group компаниясы салған үйдің тұрғындары жертөлені су басқанын айтып шығамданды (видео)
Видеодан скрин
Алматыда BI Group компаниясы салған Arena Park тұрғын үй кешенінің тұрғындары жертөлені су басатынын айтып, шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тұрғындардың айтуынша, жертөлеген жиналған су салдарынан үй ылғалданып, жағымсыз иіс шығады. Су басқан жертөленің видеосы желіде тарады. Кадрдан төбеден тоқтамай су ағып жатқанын көруге болады. Ал еденге жиналған су тізеге дейін жетеді.
BI Group компаниясы желідегі видеоға қатысты мәлімдеме жасады.
"Arena City.Park 1" тұрғын үй кешенні 5-блогының -1 қабатында автоматты өрт сөндіру жүйесінің құбырында ақау болды. Апат құбырлардың қосылу бөлігіндені дәнекерлеу тігісінің тығыздалмауы су жіберу мен техникалық бөлменің су басуына себеп болды", – делінген хабарламада.
Құрылыс компаниясының мәліметінше, ақау уақытында анықталып, су тез арада тоқтатылған. Тұрғындар мен қызметкерлер арасында зардап шеккендер жоқ.
“Қазір қосымша тексеру жүргізіліп жатыр, оған сарапшылар мен мердігер ұйымның өкілдері тартылған. Тексеру нәтижелері бойынша мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін шаралар қабылданатын болады. BI Group зақым келген жағдайында жертөлелердің иелеріне шығынын өтеуге кепілдік береді”, – делінген хабарламада.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
