Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бейнебақылау жүйесіне адамның бет-әлпетін тану қызметі енгізіледі

Алматының бейнебақылау жүйелеріне адамның бет-әлпетін тану функциясы енгізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар бағдарламасында" күні бүгінге дейін бейнебақылаумен қамтылмаған әлеуметтік объектілерге 7 мың бейнебақылау камерасын орнату қарастырылған.

"Жауапты және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру кезінде жедел әрекет ету, әуежайда, вокзалдарда және адам көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2026 жылдан бастап бейне талдау және бет-әлпетті тану функциясы барлық бейнебақылау жүйелеріне біріктіріледі",- деп хабарлады әкімдіктен.

Сондай-ақ 2027 жылға қарай бейнебақылау жүйесі террористік тұрғыдан осал нысандардың бәріне және көпқабатты тұрғын үй кешендерінің аулаларына камералар орнату арқылы кеңейтіледі.

"Бейнесурет Полиция департаментінің Жедел басқару орталығында көрсетіледі. Бұл түтінді, өртті, қараусыз қалған нысандарды тану сияқты ықтимал қауіптердің бар-жоғын қадағалауға және оларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Талқылау