Алматыда белгісіз біреу теміржол қызметкеріне оқ атқан
Алматыда теміржол станциясының қызметкеріне белгісіз біреу оқ атты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны теміржол қызметкерін өлтіруге әрекет жасады.
"26 шілдеде Көліктегі полиция департаментінің Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне Н. есімді ер адамға шабуыл жасалғаны, соның салдарынан ол оқтан жарақаттанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Күдіктіден "Наган револьвері тәркіленді", – деді Көліктегі полиция департаменті басшысы Оңал Бекеев.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”