Алматыда белгілі оппозиция жетекшісі Жасарал Қуанышәлин 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды
Алматыда оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында оның ауыр науқастанып, ауруханаға түсіп қалғаны белгілі болған. Оның қайтыс болғанын белсенді Ниязбек Юсупов Азаттық сайтына растаған.
Қуанышәлин 1949 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 7 сәуірде саясаткер 74 жасқа толды.
- "Мұрат Бектанов қаңтар оқиғасы кезінде халыққа қарсы оқ атқысы келмеген" – Жасарал Қуанышәлин
- “Қантөгіске кінәлі адам Гаага сотында жауап беруі тиіс”: Алматыда Жаңаөзен оқиғасына арналған кітаптың тұсаукесері өтті
Жасарал Қуанышәлин 1994-95 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге ниет те білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі