Алматылық азамат балабақшаға тапаншамен қорқытып кірмек болған
Алматыда Наурызбай ауданында баласын балабақшаға апарған ер адам мекеменің күзетшісін тапаншамен қорқытып, аумаққа кірмек болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде азаматтың тапаншамен қорқытып, "Елисей даласы" коттедж қалашығында орналасқан "Ашамай-2" балабақшасының аумағына өтуге тырысып жатқаны туралы видео таралды.
Ер адамның ерсі қылығын көрген мектепке дейінгі мекеменің күзетшісі нұсқамамен жұмыс істеп, полиция нарядын шақыртқан.
Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берді.
"Бұл жағдайды Наурызбай аудандық полиция басқармасы тіркеді. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр. Газ тапаншасы екені анықталды, рұқсаты бар", – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Тексеріс аяқталған соң тиісті шара қолданылады.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді