Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы "Каспий" тұрғын үй кешенінде баланы тепкен ер адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалды

Фото: Видеодан скрин

Алматыдағы "Каспий" тұрғын үй кешенінде кішкентай баланы аяусыз тепкен ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Балалар омбудсмені Динара Закиева баланың ми шайқалу диагнозымен ауруханаға жеткізілгенін және оқиғаның толық тергелуі бақылауда екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева баланы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Балаға "ми шайқалу" диагнозы қойылған.

Оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Іс Алматы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдің бақылауында.
Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Балаларға қатысты мұндай әрекеттердің жолын кесу заң аясында қатаң түрде жүзеге асырылатыны атап өтілді. Тергеудің барысы қалалық полиция департаментінің басшылығының бақылауында.


"Балаларға тән емес қатыгездік": Қарағандыда 4-сыныптың үш оқушысы өз сыныптасын соққыға жығып ауруханаға түсірді


Алматы облысында 11-сынып оқушысы 14 жастағы жасөспірімді ұрып өлтірді деген күдікке ілінді


Айта кетейік, Алматының Алатау ауданында ер адам балалар алаңында ойнап жүрген шамамен 6-7 жастағы баланы қатты теуіп жібергені сәтінің видеосы тараған еді. Оқиға ауладағы бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Жанжал кезінде ер адамның әйелі де баланың құлағынан тартып, оның әжесімен сөзге келіскен. Баланың анасы оқиғадан кейін кешке қарай баланың жағдайы нашарлап, құса бастағанын және жүре алмай жатқанын айтқан.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 01 Желтоқсан, 2025 15:26