Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда балалар үйінің із-түзсіз жоғалып кеткен тәрбиеленушісі табылды

Алматыда балалар үйінің жоғалып кеткен тәрбиеленушісі аман-есен табылды. 11 жастағы  Артур Федоров 4 күннен бері іздестірілген еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыда ата-анасы қайтыс болған соң балалар үйіне түскен бүлдіршін жоғалып кетті

Полиция 11 жастағы Артур Федоровтың табылғанын мәлімдеді. Ол аман-есен. Ендігі ол өзі тәрбиеленген «Жанұя» балалар үйіне табысталады. 

17 қарашада туыс әпкесінен қашып кеткен баланы іздестіруге жалпы саны 200-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында «Қоғам» қорының мүшелері бар. 

Еске сала кетсек, бұған дейін «Жанұя» балалар үйінің 11 жастағы тәрбиеленушісі жоғалып кеткенін хабарлаған едік. Ол ата-анасы қайтыс болғаннан кейін балалар үйіне түскен. 

Талқылау