Алматыда балалар отырған көлік аялдамаға соғылды

Видеодан скрин
Алматыда балалар отырған көлік аялдамаға соғылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Автобус күтіп тұрған жолаушы қашып үлгерген. Ал рөлдегі жас қыз бен қасында отырған 10 және 14 жастағы екі бала ауруханаға жеткізілді.
Қарағанды облысында әйел автобус аялдамасында босанып қалды
Lexus пен Toyota автокөліктері солтүстік бағытта келе жатып соғылған. Куәгерлердің айтуынша, бір мезетте екеуі де жолағын ауыстырмақ болған. Сол кезде Toyota озып кету мақсатта жылдамдықты арттырып, жол апатын тудырған. Қатты соққыдан Lexus-тегі қыз рөлге ие бола алмай, аялдамаға кіріп кетіп, ағаштарға ұрылып барып тоқтаған.
Еске салсақ, Павлодар облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, бес адам қаза тапқанын жазғанбыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген