Алматыда "Бағанашыл" балалар үйінен қашып кеткен екі қыз араға 16 күн салып табылды
Видеодан скрин
Алматыда Бағанашылдағы балалар үйінен қашып кеткен екі қыз араға 16 күн салып табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Екеуі де дін аман. Жасөспірімдер Алматы облысы Іле ауданына қарасты елді мекендердің бірінде жүріпті.
Қазір олар қалаға жеткізілген. 14, 16 жастағы қыздардың балалар үйінен қашуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Полицейлер мән-жайды анықтап, қажет болған жағдайда тиісті шара қолданбақ.
Айта кетейік, екі қыз 18 шілде күні балалар үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
Еске салсақ, жасөспірімдер қашып кеткен балалар үйі Қонаевқа көшірілуіне байланысты даудың ортасында қалған Бағанашылдағы №1 балалар үйі. Бұған дейін Алматы облысының әкімдігі дәл осы балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаевқа еркінен тыс көшіруге тырысқан еді. Алайда іске президент араласып, балалар үйін Қонаевқа көшіруді тоқтатуды тапсырды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген