Алматыда әйелін сабап жатқан еркекті көршілері видеоға түсіріп алған

Алматыда көршілері әйелін ұрып жатқан күйеуін видеоға түсіріп алған. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

немолчи

Жазба "Не Молчи" қоғамдық қорының парақшасында шыққан.

"Бүгін түнде Алматыда "Премьера" ТК-де көрші түні бойы шу шығарып, әйелін ұрды. Есік қағып кірмекші болған көршілердің наразылығына тіпті үн қатпаған. Бұл жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Сондықтан көршілер полицияның ештеңе істемейтініне, тіпті полицияға қоңырау шалмайтындығына үйреніп қалған. Байқасаңыз, әйел тіпті айқайламайды, артық дыбыспен қатты соққылардан қорқады. Көршілері болып жатқан оқиғаны есіктің тесігі арқылы видеоға түсіріп алған. Ол жерден бәрі көрінеді және естіледі", - деп жазылған постта.

 

 

Полиция департаменті жағдайға байланысты түсініктеме берді.

"Көршілердің мазасын алып, тыныштығын бұзу фактісі бойынша қоңырау түсті. Тексеру кезінде оқиға орнында ішімдік ішіп, пәтерде жанжал шығарған тұрғындар болды. Алайда екі тарап та дене жарақатын салу фактісі бойынша арыз беруден бас тартты. Түнгі уақытта тыныштықты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр