Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әйелді қағып кеткен автобус жүргізушісі жалған куәлікпен жүрген

Алматыда әйелді қағып кеткен автобус жүргізушісінің куәлігі жалған болып шықты. Ер адам екі жылға бас бостандығын шектелді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

автобус

29 жастағы автобус жүргізушісі Төле би даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргіншінің денсаулығына ауыр зиян келген.

Тергеу барысында автобуыс тізгіндеушінің жүргізуші куәлігінің жалған екені анықталды.

"Арнайы сараптама оның қолдан жасалғанын анықтады. Бұл факті тіркеуге негіз болып, тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Жақында үкім шықты", – деді Алматы қалалық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Медеу аудандық № 2 соты автобус жүргізушісін қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеуге, сондай-ақ 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тартуға үкім шығарды.

Талқылау