Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда аяғы ауыр келіншек тұрғын үйдің 8-қабатынан секіріп кетті

Алматыдағы "Алма сити" тұрғын үй кешенінде аяғы ауыр келіншек өз-өзіне қол жұмсады. Ол үйдің 8-қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде осыған қатысты бейнежазба тарап кетті. Марқұм 2000 жылғы, аяғы ауыр болғаны айтылған. Келіншектің мұндай қадамға баруына отбасындағы жанжал себеп болды делінген.

Алматы қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаны растады.

"Алматы қалалық полиция департаменті аталған деректі Наурызбай аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайлары анықталуда", – деп атап өтті қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, былтыр қараша айында "Жетісу" шағын ауданында көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен 28 жастағы әйел өзінің 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласымен 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен еді.

Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Талқылау