Алматыда жол апатына түскен автокөлік жаяу жүргіншілерді басып кетті (видео)
Алматының Қаныш Сәтбаев көшесінде екі автокөлік соқтығысып, салдарынан біреуі жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы жол апатының видеосы тарады. Қалалық полицияның мәліметінше, апат салдарынан үш жаяу жүргінші зардап шекті.
“Шоқан Уәлиханов көшесімен келе жатқан BMW жүргізушісі "жол бер" белгісін елемей, Қаныш Сәтбаев көшесімен келе жатқан Lexus көлігімен соқтығысты. Қатты соққы салдарынан Lexus тоқтамастан жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан адамдарды қағып кетті. Нәтижесінде үш жаяу жүргінші мен Lexus көлігінің жүргізушісі зардап шекті”, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.
Қазір тәртіп сақшылары жол апатының қалай болғанын егжей-тегжейлі анықтап жатыр.
Бұған дейін Алматыда автобус зейнеткерді қағып кеткен еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды