Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобуста тосап төгіп алған зейнеткерге араша түскен қыз марапатталды

Алматыда қоғамдық көлікте тосап төгін алған зейнеткерге араша түскен 15 жастағы Жаннұр Нұржан марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жаннұр Нұржан Алматы қаржы-экономикалық колледжінің 2-курс студенті болып шықты.

"Видеоны әлеуметтік желіден көрдім, өзге алматылықтар сияқты бұл оқиға мені де бей-жай қалдырмады. Бір жағынан, адамдардың қылығы қатты қынжылтты, ал тағы бір жағынан, сіздің әрекетіңізге дән риза болып, кеудемді мақтаныш кернеді. Тіпті, үлкен адамдардың барлығы бірдей осындай қадамға баруы, көпшілікке қарсы тұруы екіталай, оған батылы да жетпес еді. Біздің президентіміз айтқандай, Әділетті Қазақстанды жауапты әрі адал азаматтар ғана құрады. Сіз бұл арада аса жауапкершілік таныттыңыз. Мұндай жастар барда болашаққа деген сенім бар", –  деді Ерболат Досаев.

"Бұл адамның орнында менің атамның да болуы мүмкін еді ғой. Осылай ойладым, сондықтан басқаша әрекет ете алмас едім. Егде адамды сөзбен түйреп, кемсітіп, қатаңдық танытып жатса, қарап тұра алмаймын", – дейді Жаннұр Нұржан.

Еске салсақ, Алматының №119 автобусында зейнеткер тосап төгіп алып, кейбір жолаушылар оған тіл тигізіп, айыптай бастаған, сол кезде жасөспірім зейнеткерді жақтап, автобустың еденін өз жейдесімен сүртіп алған болатын.

Дана Русланқызы
Жұма, 08 Қыркүйек, 2023 20:12
Талқылау