Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды (видео)

Видеодан скрин

Алматыда Жандосов пен Әуезов көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол апаты болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарады.

Апат орнынан түсірілген кадарларға қарағанда, №95 бағыттағы автобус пен бірнеше жеңіл автокөлік соқтығысқан. 

Автобус жүргізушісінің айтуынша, көліктің тежегіші істен шыққан. Алайда көліктері зақымданған басқа жүргізуішлер бұл пікірмен келіспейді.

“Автобус жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамау салдарынан алдында келе жатқан бес автокөлікпен соқтығысқан”, – делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Жол апаты салдарынан бір адам жарақат алған.

Дана Русланқызы
Жұма, 13 Наурыз, 2026 18:30