Алматыда автобус жүргізушісі өзін ұрған самокатшыны кешірді
Алматыда автобус жүргізушісі мен самокат айдаушы татуласты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Автопарк хабарлағандай, самокат айдаушы автобус жүргізушісін ұрғаны үшін өтемақы төледі.
«Жүргізуші татуласуға келісім берді. Айыпты жігіт кінәсін мойындады. Біздің қызметкерімізге өтемақы төледі», - деді автопарктен.
Айта кетейік, оқиға 9 шілдеде болған. №99 бағыттағы автобус жүргізушісі мен самокат айдаушы арасында түсініспеушілік туындап, самокатшы жүргізушіні соққыға жыққан болатын. Бұл туралы видео Instagram желісінде тарады. Кадрда самокатшы автобус жүргізушісіне тарпа бас салғаны көрінеді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн