Алматыда автобус жолақысы қашаннан бастап қымбаттайтыны белгілі болды
Алматыда 2023 жылғы 21 тамызынан бастап жол жүру ақысы өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы "Қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған тарифті саралау туралы" қаулысы қабылданды.
Қаулыға сәйкес, қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі төлем тәсіліне байланысты мынандай мөлшерде болады:
- ұялы байланыс операторының қызметтері немесе көлік картасы не болмаса жол жүруге арналған мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде – 100 теңге;
- қолма-қол төлеу кезінде – 200 теңге.
Қаулы 2023 жылғы 10 тамызда жарияланды, 2023 жылғы 21 тамызда қолданысқа енгізіледі.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”