Алматыда автобус тротуарға шығып кетіп жаяу жүргіншіні қағып өлтірді (видео)
Алматыда Райымбек пен Емцов көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болып, ер адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, КамАЗ көлігі "ВАЗ" маркалы автобусты сүйретіп келе жатқан. Кенеттен ілмек үзіліп, автобус жолдан шығып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылып, өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Ол 35 жастағы ер адам болып шықты. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
"Автобус батыс тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншіні, 1990 жылы туған ер адамды қағып кетті. Өкінішке қарай, соқтығыс салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды", – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмып, тағы 4 адам жарақат алғаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"