Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ауыр жағдайдағы науқастар саны азайды: Дәрігер себебін түсіндірді

Алматыда ауыр жағдайдағы науқастар санының төмендеу себебін инфекционист-дәрігер Тамара Утағанова түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

"Шынында да, ауыр жағдайдағы науқастардың азаюы байқалады. Бұл шараларды жүзеге асырудың екі бағыты бар. Біріншіден, пациенттер стационарға келеді, дер кезінде жүгінеді және ауруханаға жатқызылады, бұл олардың жағдайын жақсартуға әсер етті және істі реанимацияға жеткізбеуге көмектеседі.

Екіншіден, әкімдік газбен жабдықтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар жүргізді. Бұл да себеп", - деді Тамара Утағанова.

Бұған дейін инфекционист-дәрігер қандай маскалар коронавирустан жақсы қорғайтынын айтқан еді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 20 Шілде, 2020 17:58
Талқылау