Алматыда ауа сапасын қадағалайтын қоғамдық қор құрылды
Алматыдағы кәсіпкерлер қаладағы ауаның ластануын қадағалайтын тәуелсіз AirVision қорын құрды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Осы бастаманы көтергендердің бірі Алексей Ли жобаның басты мақсаты Алматы ауасының сапасына тәуелсіз сараптама жүргізу дейді.
Қазір қаланың ауасы қаншалықты лас екендігі туралы ақпарат әр жерде әрқалай. Соған байланысты әкімдік, тәуелсіз Airkaz сарапшылары мен Қазгидромет бірігіп жұмыс жасамақшы екен.
«Қазір алматылықтар үшін ең басты мәселе - ауа тазалығы. Біздің қор қоғамдық белсенділер, ғалымдар, инженерлер, экология бойынша сарапшылар, бұл проблеманың ортақ шешімін тапса дейміз. Біздің ұйым коммерциялық емес. Біздің мақсатымыз қаламызды барлығымыз үшін қауіпсіз ету», - деді Берік Қаниев.
Қордың қаржылық жағдайын кәсіпкерлер қадағалайды. Аталмыш қор 10 күн бұрын тіркеліпті.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”