AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы департаментінің қолдауымен операция өткізді. Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесінен атыс қарулары тәркіленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қалалық полиция департаменті ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталғанын хабарлады.

"Жедел және арнайы іс-шаралар кешенін жүргізу барысында олардың Алматы облысында қару-жараққа арналған бірнеше жасырын орын ұйымдастырғаны анықталды. Нәтижесінде, бұл құпия орындардан 2 "Калашников" автоматы (АКС), "Макаров" және "ТТ" жүйесінің 2 жауынгерлік тапаншасы, 3 аңшылық ойық карабин, 2 тегіс ұңғылы винчестер, 13 аңшылық келте мылтық, 53 аңшылыққа арналған қару, 3 травматикалық тапанша, сондай-ақ түрлі қаруға арналған 200-ден астам оқ-дәрі анықталды және тәркіленді", - деді Алматы ПД басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 2 соғыс және жарық-шулы граната, 4 пышақ, 2 жылжымалы радиостанция, сондай-ақ оптикалық көздеу құралы, броньдалған көкірекше, шоқпар сынды түрлі арнайы жабдық тәркіленді.

Әбілбековтың айтуынша, соңғы құпия орын кеше анықталған.

Қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз сақтау фактісі бойынша Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлімінің нормаларына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тәркіленген арсенал сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша қару-жарақ пен оқ-дәрінің қайдан шыққаны анықталады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр