Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда “Мечта” таунхаусы сатып алуға ұсынылмайтын үйлер тізіміне енді

Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сатып алуға ұсынылмайтын тізімге енді. Кешен эскиздік жобадан ауытқыған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қалалық әкімдік мәліметіне сүйенсек “Арман” таунхаусында заң бұзушылықтар анықталған. Салдарынан тұрғын үй кешені сатып алуға ұсынылмайтын тізімге еніп отыр. Тіпті кешен жеке үй салуға арналған жерге салынған. 

“Жоспардан тыс тексеру барысында Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы тұрғын үй кешенінің 1- ші нүктесінен келісілген эскиздік жобадан ауытқуды тіркеді. 2-ші нүктеден рұқсат құжаттамасы болмағандығын анықтады. Басқарма нысанды пайдалануға қабылдау және бұзу актісінің күшін жою туралы сотқа талап арыз жолдады, сот талқылаулары жүріп жатыр”, - делінген ақпаратта. 

Тұрғын үй кешеніне әкімшілік кодекстің 316-бабы 1-бөлігі (Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделiжөндеу) бойынша шаралар қабылданған. Былтыр 14 қазанынан бастап тапсырыс беруші нұсқаманы орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Айта кетейік, бұған дейін Достық даңғылында сатуға шығарылған тұрғын үй кешенінің заңсыздығы анықталғанын жазған едік.

Олжас Нұржақып
Сәрсенбі, 17 Мамыр, 2023 16:49
Талқылау